Мақсат Үсенов Тайланд полициясы ұстайтындай ұшақта не істеді? (видео)

Dalanews 04 мау. 2017 17:44 276

Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстап әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Facebook желісінде Павел Коктышев есімді қолданушы жазды. Куәгер Үсеновтің ұшақ бортында шылым шеккенін және жұрттың мазасын алғанын жазды.

− Елдің заңы жұмыс істемесе, физика заңдары жұмыс істеуі мүмкін... Бүгін Бангкокке бүгінгі рейспен Мақсат Үсеновпен бірге ұштым. Біздің сотқа сұрағым бар, неге мен сияқты заңға бағынатын азаматты қауіпте қалдырады? Үсенов ұшу барысында тыныш отыра алмады, көршілерін мазақ етті, бастапқыда стюардессалардан шылым шегуге рұқсат беруін жалынып, кейін тіпті 200 бакс ұсынды, сосын ақыры темекі шеккен сияқты, себебі стюардессалар акт толтырып берді. Бірдеңе бүлдірмесін деп экипаждың жартысы оны бақылаумен болды. Өте ыңғайсыз болды. Ұйықтап алғаннан кейін де қууын тоқтатпады, белбеу тағудан бас тартып, арқалығын көтергісі келмеді. Соңында қонған кезімізде жергілікті полиция жасағы оны алып кетті. Экипаж, жарайсыздар! − деп жазды Facebook желісінде Павел Коктышев.

Дегенмен Тайланд әуежайының полициясы Мақсат Үсеновті жауапқа тартпапты. Бұл туралы Facebook желісінде ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов хабарлады.

− Тайланд елордасының құқық қорғау органдарының өкілдері қазақстандық дипломаттарға азамат Үсеновке қатысты тексеріс жүргізілгенін хабарлады. Оның Бангкокке Вьетнамға бара жатқан жолда транзитпен тоқтағаны белгілі болды. Осыны ескере отырып, полиция қызметкерлері Вьетнам әуе компаниясының өкілдеріне хабарласып, біздің отандасымыздың оқиғасын хабарлады. Үсеновтің тәртіпті сақтауға және экипаждың талаптарын орындауға келісім бергеннен кейін Вьетнам әуе компаниясы оны бортқа алуға келісім берді, − деп хабарлады Жайнақов.

Осылайша, оның айтуынша, Бангкок полициясы жағдайларды ескере отырып, тәртіп бұзған адамды қамауға алмай, жауапқа тартудан бас тартыпты.

Мақсат Үсенов Бангкоктен Хошиминге жергілікті уақыт бойынша сағат 11:20-де ұшып кетіпті.  "Өз атымнан айтарым, кез келген жолаушының ұшақ бортында мұндай бейадекват әрекеті наразылық қана емес, оған деген аяушылық сезімін туғызады. Чуковскийдің "Мойдодырынан" "Стыд и срам!" деген сөзі ғана еске оралады", - деп жазды СІМ ресми өкілі.

 

https://www.youtube.com/watch?v=1a4DqQJ2fbE

https://www.youtube.com/watch?v=nYYmSQ-XCRE

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x