ЖАНТӨРИН "ГАМЛЕТПЕН" ТРАБЗОНҒА БАРАДЫ!

Dalanews 03 сәу. 2017 09:08 389

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры Түркияның Трабзон қаласында өтетін Халықаралық Қаратеңіз театр фестиваліне  қатысып қайтпақ.

Аталмыш фестиваль Трабзон қаласында мамыр айының бас жағында өтеді. Түркия жұртшылығына маңғыстаулық сахна шеберлері əлемдік драматургияның ең үздік үлгілерінің бірі У.Шекспирдің "Гамлет" трагедиясын ұсынбақ. Былтыр жантөриндіктердің бұл қойылымы Ақтөбеде өткен республикалық театрлар байқауында көрсетіліп, Гамлет ролін сомдаған талантты актер Кенжебек Башаров "Үздік ер адам бейнесі" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған болатын.
Қазіргі таңда шығармашылық ұжым қызу дайындыққа кірісіп кетті. Қоюшы режиссері театрдың бас режиссері жəне көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г.Мерғалиева.
Жерлестеріміздің жеңіс биігінен көрінуіне тілектеспіз!

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x