Қуат Найман: "Гена жеңген жоқ"

Dalanews 19 нау. 2017 06:43 252

Спортшы Қуат "Найман" Хамитов Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің қорытындысына байланысты пікір білдірді.

 Хамитовтың айтуынша, бұл жекпе-жекте Головкиннің Андре Уордтан не себепті қашып жүргені белгілі болған. "Найман" отандасын жеңісімен қазақ тілінде құттықтады.
"Жеңіс құтты болсын! Бірақ 5-7 раундтар Джейкобстың еншісінде. Нокдаун болды. Кем дегенде тең! Головкин - Уорд жекпе-жегін осы себептен көре алмаймыз. Гена бокстан кетуі керек еді. Жас келді", - деп жазды Хамитов Instagram желісінде.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x