Джейкобс: «Головкиннен жеңілгем жоқ»

Dalanews 19 нау. 2017 06:12 228

Бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы 29 жасар Дэниел Джейкобс WBC/WBA/IBF/IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы 34 жасар Геннадий Головкиннің жеңісін әділетсіз деп санайды. 
«Бұл кездесуде жеңдім деп есептеймін. Мені жанкүйерлер де қолдарына сенімдімін. Олар бәрін көріп отырды. Мұндай кездесуден кейін жанкүйерлерімнің саны одан әрмен өсе түседі.

Мен ұпай саны бойынша жеңдім. Кем дегенде екі ұпаймен алда болдым. Нокдауннан кейін мен оған: "мені құлату үшін өлтіруіңе тура келеді" дедім. Әрі: "жойқын соққысының түрі осы ма?" деп ойладым. Мәселе неде? Олар Головкин Альварес кездесуін ұйымдастырмақ. Сол себепті жеңісті GGG-ға сыйлай салды" 

– деп мәлімдеді Джейкобс кездесуден кейінгі  BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

Айта кетелік, Головкин vs. Джейкобс кездесуі Нью-Йорктегі атақты «Madison Square Garden» аренасында өтті. Головкин қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x