Янукович Украинадан қалай қашқанын айтып берді

Dalanews 27 ақп. 2017 04:31 204

Немістің Der Spiegel басылымына сұхбат берген Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович елден қалай қашқанын айтып беріпті. 

Сөзіне қарағанда, Мелитопольдың түбінде оның кортежін мұздай қаруланған топ күтіп тұрған.
«Шамасы басынан бақайына дейін қаруланған, екі ауыр пулеметтері бар 100 қаралы адам жолымды кесіп, кортежіммен қоса қырып кетпек болды», – дейді Викторекең.

Алайда қарулы топты амалын тауып айналып өткен Янукович Ресей жеріне аман — есен жетіпті.

Бұдан сырт ол 45 жыл бірге тұрған әйелімен ажырасқанын да айтқан.

«Қазір мен өзімнің бұрынғы аспазшымның апайымен тұрып жатырмын. Екеуміз Украинадан бірге қашқанбыз» депті Янукович.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x