Қайрат Нұртас: «Ауыл емес, қаланың жігіттерінен қорқамын. Олар гей-клубтарға барады»

Dalanews 14 қыр. 2016 10:24 404

Әнші Қайрат Нұртас vlast.kz сайтына сұхбат беріпті. Қайрат сұхбатында ауыл мен қала жігіттері және көгілдірлерге қатысты көзқарасын білдіріпті.  

Бұл туралы kaz.365info.kz сайты хабарлайды.

«Мен ауыл баласы тәртіпсіз, мәдениетсіз дегендермен келіспеймін. Атақтылардың бәрі ауылдан шыққан. Ауылдың жігітінде ар-намыс бар. Керісінше, қаланың жігіттерінен қорқамын. Қызмінезді… Гей-клубтарға баратын қаланың жігіттері көп. Оларда намыс жоқ».

«Сіз гей-клубтар жайлы айттыңыз. Жаһандану деген бар. Қазақстан соның ішінде. Ендеше олардың құқығын шектеуге бола ма?» деген журналистің сауалына Қайрат былай деп жауап беріпті.
«Мен ешкімнің құқығын шектемеймін. Бірақ, Қазақстанда мұндай құбылыстың тарап кеткеніне қынжыламын. Бұл туралы ойласам жылағым келеді. Қалайша? Еркек, жігіт деген аты, бірақ…көгілдір.

Әрі қарайғы әңгіме атышулы Ninety One тобына қатысты өрбіпті.

«Бұл топты сынайтындар көп. Жақтайтындар да бар. Сіз қай жағындасыз?» деген журналистің сауалына әнші былай деген екен.

«Олардың сырт кейпін сынға алады. Түсінемін.  Бірақ Ninety One тобын да түсінуге тырысамын. Оларды көргем. Әп-әйбәт қазақтың балалары. Сыпайы, мәдениетті. Оларды сынай алмаймын. Олар өздерінің сүйікті ісімен айналысуда. Адал еңбек етуде. Ата-анасына көмектесуде. Оларға бір кеңес берер едім. «Шаштарыңызды боямасаңыздар да тыңдарманнан айырылмайсыз».

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x