Ниязымбетов жеңіліп қалды

Dalanews 18 там. 2016 19:05 190

Рио Олимпиадасында 82-келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақ боксшысы Әділбек Ниязымбетов ақтық сында жеңіліп қалды. 

Осылайша жерлесіміз Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Финалда әлемнің үш дүркін чемпилны кубалық Хулио Сесар Ла Круспен кездескен Әділбек қарсыласынан айласын асыра алған жоқ.

Алғашқы раундты Ла Крус өз пайдасына жазды. Екінші кезеңде де төрешілер басымдықты кубалыққа берді. Үшінші кезеңде де қарсыласы Әділбектен айласын асырып кетті. Есеп 3:0 кубалықтың пайдасында.

Бұл кездесу екі боксшы үшін ерекше маңызды болатын. Әділбек кубалықпен бұған дейін 2011 және 2013 жылғы Әлем чемпионатының финалында кездескен. Екі ретте де кубалық басым түскен.

Айта кетелік, бұл медаль Қазақстанның Рио Олимпиадасындағы 13-ші жүлдесі. Ал Әділбек осымен екінші Олимпиадасында күміс жүлденің иегері атанды. Жерлесіміз Лондонда өткен Олимпиаданың ақтық сынында ресейлік Егор Мехонцевтан жеңіліп қалған болатын.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x