Бұл екеуі сыралғы қарсылас. Тіпті, бір залда жаттыққан. Өйткені, Манюрова кезінде Ресейдің намысын қорғаған болатын. Тәжірибелі қос қарсылас арасындағы белдесу аса тартысты өтті. Кездесу аяқталуына 8 секунд қалғанда 8:6 есебімен ресейлік балуан алда тұрған еді. Жерлесіміз табандылық көрсетіп, соңғы сәтте жеңісті жұлып алды.
Енді, қазақстандық балуан финалда күреседі. Қазіргі кезде қоржында кемі күміс медаль бар.
Манюрова Рио татамиінде бұған дейін Венгрия балуаны Жанетт Неметті, одан кейін ширек финалда камерундық Аннабель Әлиді жеңген болатын.
Айта кетейік, Гюзель Манюрова Лондонда Қазақстан қоржынына қола медаль салған еді.
Дереккөз: Baq.kz