Superstar.kz жұлдыздары қаншалықты өзгерді?

Dalanews 02 там. 2016 03:02 249

Мақпал Исабекова осыдан 13 жыл бұрын түсірілген естелік суретін бөлісті. Аталған суреттегі әншілердің сырт келбеті мен қазіргі дене бітімін салыстыру мүмкін емес. Себебі, айтарлықтай өзгеріс бар. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мақпал Исабекова мен әнші Әдемі мансап жолдарын Superstar.kz жобасынан бастаған. Қос әншінің аталған жобаға қатысқандарына 13 жыл болды. Бүгін Исабекова сол кезде түскен суретін бөлісіп, арада көптеген өзгерістің болғанын меңзеді. Соның бірі – өзі мен Әдемінің сырт келбеті.

dalanews makpal_isabekova 01– Бұрын әлеуметтік желі деген ұғым болмады. Әркім өзі қалағанша өмір сүретін. Мұнымен қатар, комплекстер деген ұғым да болмады. Ешкім де саусағымен көрсетіп тұрып «Сен семізсің» деп те айтқан емес. Уақыт өте келе сен мінезіңді, құндылықтарыңды, киім мен аксессуарларға деген талғамыңды, қоршаған ортаңды, дене сымбатыңды өзгертесің. Арада 13 жыл өтті. Бірақ білесіздер ме, мен расымен семіз болдым! Барлығы да осылай болуы керек еді. Ең бастысы, өмірімізде қандай жағдай болса да, адамгершілік таныту. Бұрынғы сырт келбетімізден ұялудың қажеті жоқ. Ситуацияға дұрыс баға беруіміз керек. Мақпал, естелік үшін рахмет, – дейді Әдемі.

Әнші суреттегі сырғаларын әлі күнге дейін сақтап жүр екен. Желі қолданушылары бастапқыда Әдеміні танымай қалғандарын айтты. Десе де, оның комплекссіз адам екеніне қайран қалды. Мұнымен қатар, арасында әншіні пластикалық операция жасатып алған дегендер де болды.

«Мәссаған! Сіздерді танымай қалдым», «Әрине, бұрынғы сырт келбетіңізден ұялудың қажеті жоқ. Бірақ бұл тұста Мақпал сізді аяқтан шалған сияқты», «Дәл қазір сондай сұлусыз», «Сырғаларыңызға сөз жоқ», «Сізбен толықтай қосыламын! Жарайсыз!»,

«Мұрныңызды өзгерткен сияқтысыз әлде маған солай көрініп тұр ма?» дейді желі қолданушылары. Әнші тыңдармандарының Мақпалға қатысты пікірінен кейін оның өзінен рұқсат сұрағанын айтты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x