Ыстыбаев: "Допинг? Жылқының етінде барлық дәрумендер бар"

Dalanews 05 шіл. 2016 11:21 266

Биылғы "Қазақстан барысы" бәсекесінің жеңіпазы Бейбіт Ыстыбаев baq.kz порталына берген сұхбатында соңғы кездері шу шығарып жатқан допинг дауына қатысты пікірімен бөлісіпті. 

– Негізі спортшыға ешқандай допингтің керегі жоқ. Өзіміздің жылқының етінде де барлық дәрумендер бар. Дәрі деген адамның психологиясын бұзады. Себебі соны ішіп алған өзін мықтымын деп санайды. Негізі мен сол допингтің еш көмегі жоқ деп санаймын.

Тіпті, бас аурудың да дәрісін ішпеймін. Қай жерде болса да айтып жүремін. Қазы-қарта жеп, қымыз ішіп жүрсең, ешқандай ауру саған жолай қоймайды, – деген екен Бейбіт Ыстыбаев. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x