Өзбекстан эротикалық жарнамаға тыйым салады

Dalanews 13 нау. 2016 08:52 320










Өзбекстан "Жарнама туралы" заңға өзгерістер енгізбекші. Заң жобасы біріңғай мемлекеттік қызмет көрсету интерактивті порталында талқылау үшін жарияланған.





Орталық Азия жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, жаңа заң жобасына сәйкес, коммерциялық жарнамада эротика белгілері бар қойылымдарға тыйым салынады. Мұнан бөлек, құмар ойындардың бағдарламалық қамтамасыз етуін интернетте пайдалануға тыйым салмақшы.

Сонымен бірге заң жобасында мектеп күнделіктеріне, дәптерлеріне жарнамалық өнімдерді жариялауға тыйым салынады делінген.

Үлкендерге арналған жарнаманы балалардың ойын алаңына пайдалануға рұқсат берілмейді.

Жарнамада "тек ғана", "бар болғаны" деген сөздерді қолданып, кәмелетке толмағандарға тауар бағасы жөнінде бұрмаланған түсінік туғызбауы керек.

Сонымен қатар жарнамада балаларды күніне бірнеше рет тамақтануға шақыратын және негізгі тамақты жеңіл кондитерлік өнімдермен алмастыруды ұсынуға жол берілмейді.











Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x