Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды

Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды
parlam.kz. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.

Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген. Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің VII және VIII шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 

2025 жылы оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды.