Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына қайғы түскенін хабарлады. Өнер иесінің айтуынша, енесінің туған інісі дүниеден өткен, деп хабарлайды dalanews.kz.
Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, сабыр тіледі. Ол адам өмірінің өткінші екенін айтып, бұл қазаның отбасы үшін ауыр тигенін жеткізді.
"Заман зулап өте шығады екен. Кеше ғана ортамызда жүрген адамға қас-қағым сәтте Алладан әмір келіп, мәңгілік сапарына аттанды. Жүрек езіліп, сағыныш пен қимастық қанша қыспаққа алса да, ақиқатқа бас иіп, Алланың әміріне мойынсұнып қайттық. Ағайынға Алла сабыр берсін!" – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Өнер иесі сондай-ақ марқұмның жаны жәннатта болып, иманы жолдас болсын деген тілегін білдірді.