БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 наурыз күні Бәйтерек ауданы Октябрь ауылында болған.
– Таңғы сағат 08.30-да ауыл маңынан 2001 жылғы жігіттің мүрдесі табылды. Оның денесінде ұрып-соғу белгілері бар. Тиісті сараптама тағайындалды.
Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 2003 жылғы С. және 2005 жылғы Қ. деген кәмелетке толмаған тұрғын анықталып, ұсталды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомстводан.