Ресейдің Тамбов облысында BMW X5 көлігі жүк көлігімен соқтығысып, бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты. Қайғылы оқиғаның видеосын Mash Telegram арнасы жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
BMW X5 автокөлігінде 44 жастағы әке, 41 жастағы ана және олардың алты және тоғыз жастағы екі ұлы болған. Жол апаты салдарынан отбасының барлық мүшесі оқиға орнында көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жоғары жылдамдықпен келе жатып, басып озу ережесін бұзған. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігіне соғылған.
Биыл BMW жүргізушісіне жылдамдықты асырғаны үшін 30 рет айыппұл салынғаны белгілі болды.