АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресте сөйлеген сөзінде Украина басшысы Владимир Зеленскийден маңызды хат алғанын мәлімдеді. Ол хатта Украина мүмкіндігінше тезірек келіссөздер үстеліне отыруға дайын екенін айтқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Бүгін мен… Зеленскийден маңызды хат алдым. Украина ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін мүмкіндігінше тезірек келіссөздер үстеліне отыруға дайын”, – деді АҚШ президенті Капитолийде сөйлеген сөзінде.
Украинадағы қақтығыс туралы айта келе, Трамп “мұны тоқтататын уақыт келді, екі тараппен де диалог жүргізу қажет” деп мәлімдеді. Ол украин қақтығысын аяқтау үшін “табанды түрде” жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Трамп Ресей тарапынан да Украина бойынша бейбіт келіссөздерге дайын екендігі туралы “қуатты сигналдар” алғанын айтты.