Freedom Inside '26

Жазадан жалтарған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Жазадан жалтарған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
gov.kz

Ресейде ұсталған, жазасын өтеуден жалтарған қазақстандық әйел елге экстрадицияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы аудандық соты 2024 жылғы 10 мамырда әйелді адамдар тобымен күш қолданып қарақшылық жасау және бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Алайда 2025 жылдың наурызында пробациялық бақылауда жүрген сотталған жазасын өтеуден жалтарып кеткен. Соған байланысты өтелмеген 1 жыл 4 ай 7 күн мерзім бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Ведомствоның мәліметінше, әйел 2025 жылғы қарашада Ресей аумағында ұсталған. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта сотталған әйел жазасын өтеу үшін тергеу изоляторына қамалды.