Шағымды аудандық сотқа заңгер Нұрхан Жұмабеков тапсырған. Шағымданушы арнаны жауапқа тартып, өзіне моральдық шығын ретінде телеарна басшылығынан жүз мың теңге өндіріп беруді сұраған.
Естеріңізге салсақ, телеарна журналистері 24 сәуір күні Атырауда, 27 сәуірде Семей мен Ақтөбе қалаларында, ал, 1 мамырда Қызылордада жер саудасына наразылық білдіріп митингке шыққан халықты шетелдік топтардан 50-150 АҚШ доллары көлемінде қаржы алды деп айыптаған болатын. Телеарна ұжымы бұған дәлел ретінде белгісіз азаматтардың ақша таратып жүрген видеосын да көрсетті.