Жангелдин ауылындағы отбасы өлімі: өмір бойына сотталған Сәрсемалиев үкімге шағымданбады

Жангелдин ауылындағы отбасы өлімі: өмір бойына сотталған Сәрсемалиев үкімге шағымданбады
Сұлтан Сәрсемәлиев. Фото: ашық дереккөзден

Жангелдин ауылындағы отбасы мүшелерін өлтірді деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған С.Сәрсемалиев сот үкіміне шағымданбады. Оның адвокаты да судья Зарема Хамидуллина тағайындаған жазамен келіскен. Бұл туралы Atyrau OIL хабарлады.

Тараптардың ешқайсы апелляциялық шағым түсірмегендіктен, сот үкімі заңды күшіне енді.

Atyrau OIL мәліметінше, Сәрсемалиев жақын арада жазасын өтеу үшін «Қара бүркіт» деп аталатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне этаппен жіберіледі.