Журналист Жан Ахмадиев Мадина Авезованың ісі бойынша сараптама қорытындысы дайын болғанын хабарлады, деп жазады dalanews.kz.
Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазып, істің жаңа деректерін білу үшін арнайы Тараз қаласына барғанын жеткізді.
"Барни ісі" бойынша сараптама қорытындысы дайын. Осыған байланысты арнайы Тараз қаласына келдік. Істің жаңа деректерін назарларыңызға ұсынамыз", – деп жазды Жан Ахмадиев.
Журналистің айтуынша, заңгерлер тиісті мекемеге кіріп кеткен. Ал түсірілім тобы Мадиярды күтіп отырған.
"Заңгерлер ішке кіріп кетті. Біз қазір Мадиярды күтіп тұрмыз. Мүмкіндік болса, өзінен сұхбат алып қалуға тырысамыз", – деді ол.
Жан Ахмадиев істің жаңа мән-жайлары алдағы уақытта жарияланатынын аңғартты.