Жамбыл облысында жер қатынастары бөлімінің басшысы пара күдігімен ұсталды

Жамбыл облысында жер қатынастары бөлімінің басшысы пара күдігімен ұсталды
Egov.kz

Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкерлері жер қатынастары бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Нұржан Әжібаевты ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, шенеунік пара алды деген күдікке ілінген. Әзірге құқық қорғау органдары ресми түсініктеме берген жоқ.

Алайда ұсталу сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде таралып үлгерді.

HALYQSTAN мәліметінше, әңгіме 250 мың теңге көлеміндегі қаражат туралы болып отыр. Бұл ақша қандай мақсатта және кім тарапынан берілгені әзірге белгісіз.

Басылымның жазуынша, ұсталғаннан кейін Нұржан Әжібаев өз кабинетіне жеткізіліп, бірнеше сағат бойы сол жерде болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.