Жәбірленуші тарап Сәрсемалиевтің соттағы сөзін жоққа шығарды

Жәбірленуші тарап Сәрсемалиевтің соттағы сөзін жоққа шығарды
Ertenmedia.kz

Сот отырысында Сұлтан Сәрсемалиев қылмыс жасауына марқұмдардың әрекеті себеп болғанын айтып, Ақбаянның отбасы олардың отбасылық өміріне араласқанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Айыпталушының сөзінше, жәбірленуші тараптың әрекеттері оған ауыр психологиялық қысым түсіріп, күйзеліске әкелген. Ол дәл осы жағдайлар өзін қылмысқа итермеледі деп түсіндірді.

Алайда жәбірленуші тарап бұл мәлімдемемен келіспейтінін айтты. Олардың айтуынша, марқұм Мұқанғалиұлы Мақсот пен Бақытқызы Нәсіп мінезі жұмсақ, сабырлы, ешкімге зияны жоқ жандар болған.

Туыстары керісінше, марқұмдардың қызы мен күйеу баласына қолдау көрсетіп келгенін жеткізді. Сондай-ақ марқұм әкенің қызын көргісі келіп, онымен араласқысы келетінін жиі айтып жүргені айтылды.