Ислам Әбішев 5 жылға сотталды

Ислам Әбішев 5 жылға сотталды
Нұр-Сұлтанда Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев пен Қазақ Күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкиевке қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

– Әбішев 5 жылға, Түкиевті 4 жылға бас бостандығынан айырып, белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салды, – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.


Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам Әбішев пен Серік Түкиев 60 миллион теңгеден астам ақшаны бопсалау жолымен пара алды деп күдікке ілінген еді.