Илон Масктың интернеті Қазақстанда жұмыс істей бастады

Сағыныш Сардарова 13 там. 2025 11:15

Илон Масктың интернеті Қазақстанда жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында спутник интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастады.

"Бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Биыл 12 маусымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар