Хромтауда дәмханада жарылыс болды

Сағыныш Сардарова 20 қаң. 2026 10:04

19 қаңтарда шамамен сағат 17:45-те Ақтөбе облысы Хромтау қаласы Ғ.Жұбанова көшесінде орналасқан жеке тұрған қоғамдық тамақтану нысанында газ жабдығы жарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түскен шақырту бойынша ТЖД күштері жедел түрде жіберілген. Оқиға орнына екі техника мен жеке құрамнан жеті адам барған.

"Оқиға салдарынан ғимараттың құрылымдары шамамен 80 шаршы метр аумақта қирады", - деді ТЖД өкілі.

Зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетіліп, бес адам медициналық мекемеге жеткізілді, олардың жағдайы нақтыланып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove