Хуторлық Хасан Қасымбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қарады. Сот қаулысымен Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды", - деп жазылған Tenrginews.kz мәліметінде.
Айта кетейік, кеше "хуторлық" Хасан ұсталғаны белгілі болды.
Кейін полиция мәлімдеме жасап, Хасан Қасымбаевтың ұсталуы - Шерзаттың өліміне байланысты емес екенін хабарлады.
ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат А.-ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.
Оқиға 2021 жылдың маусымында болған.
"Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - деді бұған дейін Алматы облыстық ПД өкілдері.