Қазақстандық кәсіпкер Владимир Ким Bank RBK-дағы үлесін 89,8 пайыздан 84,8 пайызға дейін азайтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Nege.Aqsha мәлімптінше, ірі акционер өзіне қарасты "КСС Финанс" компаниясы арқылы шамамен 80 миллион жай акцияны сатқан. Алайда бұл үлестің нақты кімге өткені әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, 2026 жылдан бастап KASE 10 пайыздан төмен үлеске ие акционерлер туралы мәліметтерді жариялауды тоқтатқан.
2025 жылдың қарашасындағы дерекке сәйкес, банк басқармасының төрайымы Наталья Акентьева қаржы ұйымы акцияларының 6,49 пайызына иелік етеді.
Сатылған акциялардың нақты құнын есептеу әзірге мүмкін емес, себебі KASE биржасында банктің жай акциялары бойынша өзекті сауда деректері жоқ.
Forbes нұсқасы бойынша Владимир Ким Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер рейтингінде үшінші орында тұр. Басылым оның дәулетін 5,7 миллиард доллар деп бағалаған.
