Үш облыста жұрттың тынышын алып, малын сойып алумен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды

Сағыныш Сардарова 13 қар. 2025 16:23

Қараша айында Алматы, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында мал ұрлығына қатысы бар төрт қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Күдіктілер жайылымда жүрген малды бақылап, түнгі уақытта таулы жерлерге айдап, сойып, кейіннен республиканың ірі қалаларының базарларында сатқан.

Күдіктілерден 50-ден астам ұрланған мал тәркіленді, қылмыскерлер қамауға алынды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар