ТЖМ тікұшағы Алматы облысының тауларынан туристі эвакуациялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бүгін таңертең Талғар ауданында, Корженевский мұздығы маңында, 3770 метр биікте ТЖМ "Барыс" РҚҚ құтқарушылары, АМО дәрігері және "Қазавиақұтқару" АҚ экипажы туристі эвакуациялаған.
2009 жылы туған жасөспірім 12 қыркүйектен бастап Талғар шыңы маңына көтеріліп келе жатқан 7 адамнан тұратын туристік топ құрамында болған. Жорық барысында оның денсаулығы күрт нашарлаған. Алдын ала диагноз - тау ауруы.
Оны эвакуациялау үшін ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылған. Турист Алматы қаласының ауруханасына жеткізілген.