Мемлекет басшысының өкімдерімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ауыс-түйіс болды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Президент өкімімен:
- Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
- Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды", - жазылған хабарламада.