Үндістанда мәйітті өртеу рәсімі кезінде қос бірдей қайғылы жағдай бола жаздады. Ер адам әжесінің денесінің артынан кремация пешіне секірмек болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
30 жастағы немересі жақын адамымен қоштасу кезінде қатты күйзеліске түсіп, эмоциясын игере алмай қалған. Үмітсіздікке берілген ол әжесінің артынан пешке түсуге әрекет жасаған.
Рәсімге қатысқан адамдар ер адамды дер кезінде тоқтатып, кремация пешінен алып шыққан. Алайда ол ауыр күйік жарақатын алған.
Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.