Биыл Қазақстанда ұлттық және діни араздықты қоздыру дерегі бойынша 11 адам сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Астана прокуратурасы мәліметінше, елорда тұрғыны TikTok желісінде тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдірген.
"Осындай 11 адамға қатысты сот актілері заңды күшіне енді", - деп жазылған хабарламада.
Қала прокуратурасы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске салды.