Ұлытау облысында азаптаумен айналысқан полицейлерге қатысты тергеу аяқталды

Ұлытау облысында азаптаумен айналысқан полицейлерге қатысты тергеу аяқталды
gov.kz

Ұлытау облысында азаптаумен айналысқан қызметкерлерге қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ұлытау облысының арнайы прокурорлары  (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы) Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің (бұдан әрі - бөлім) қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушыны жеткізу барысында  азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. 

Тергеу барысында күдіктілерге кепіл және ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде туралы бұлтартпау шаралары қолданылды.

Қазіргі уақытта іске қатысушы тараптар ҚПК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс құжаттарымен таныстырылып, бұдан кейін қылмыстық іс сотқа жолданатын болады.