Бүгін, 2026 жылғы 18 тамызда, сағат 15:00-де фельдшер Ұлдана Мырзуанның қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі қазасы туралы іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот талқылауына қоғамдық қызығушылықтың артуын, сот процесіне қатысушылардың пікірін, сондай-ақ жәбірленуші тараптың өтінішхатын ескере отырып, сот осы іс бойынша ашық сот отырыстарын онлайн-трансляциялауды ұйымдастыруға қаулы етті.
Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көруге болады.