Үкімет отставкаға кетті

Dalanews 21 қаң. 2020 05:26 717

Өзбекстан Парламенті ел Үкіметінің отставкасын қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпараттық агенттігі Өзбекстанның заң шығарушы органының сайтына сілтеме жасап.

Желтоқсан айында көрші елде Парламент сайлау орын алған болатын. Сайлаудан кейін Үкіметтің жұмысын тоқтатып, отставкаға кетуі тиіс. Үкіметтің отставкасын Сенат депутаттары да қолдаған.

Өзбекстанның Конститутциясына сәйкес жаңа Үкімет құрамы жасақталғанша, қазіргі құрам өз жұмысын атқаратын болады.

Бүгін Өзбекстанның Парламенті жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын қарастырып бекітуі тиіс. Өзбекстан заңы бойынша жаңа Үкімет басшысының кадидатурасын заң шығарушы органдағы көпшілік орынға ие партия ұсынуы тиіс.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 22 желтоқсанында парламент сайлауында Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы жеңіске жетіп, басымдыққа ие болған болатын. Кейбір дереккөздері аталған партия 2016 жылдан бері Үкіметті басқарып келе жатқан Абдулла Ариповтың кандидатурасын қайта ұсынуы мүмкін екенін алға таруда.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар