Ол өзінің жеке парақшасында «Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Баян Өлгийдегі (Моңғолия) селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетіледі» - жазды.
Естеріңізде болса 10-11 шілде күндері қатты жауған бұршақ нөсерінің салдарынан Монголияның Баян-Өлгий қаласының орталығына сел түсіп, 700 адам, 130 отбасы баспанасынан айрылыған болатын.
Ал 14 шілде күні Ұланбатыр қаласында өтетін «Азия – Еуропа форумының XI – саммитіне» қатысуға баратын Кәрім Мәсімов арнайы Баян-Өлгий халқымен кездесетіндігі белгілі болған болатын.