Атырау облысында төрт адамның өліміне қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сотта жаңа деректер айтылды. Тергеу материалдарында көрсетілгендей, қанды оқиға Қарабалиндер отбасына тиесілі сарайда болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сотталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің тергеу кезінде берген жауабынан белгілі болғандай, сол сәтте үйде Мейрамгүл, Ақбаян және оның 3 жасар қызы ештеңеден бейхабар ұйықтап жатқан. Ал Сәрсемәлиев оларды ата-анасы ертемен қалаға кетіп қалды деп сендірген.
Тергеу дерегіне сәйкес, сотталушы үйдегілерге күдік туғызбау үшін осындай жауап айтқан. Бұл мәлімет сот барысында зерттелген материалдар мен жауаптарда көрсетілді.