Уағызшы Мубаров қайта жауапқа тартылды

Самал Асқар 14 сәу. 2026 15:52

Астанада уағызшы Дарын Мубаров діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dala News.

Қалалық Дін істері жөніндегі басқарманың мәліметінше, ол бір жыл ішінде осыған ұқсас құқықбұзушылықты қайта жасаған.

Осыған байланысты оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабының 8-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.

Сот шешімімен Мубаров кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл 865 мың теңгені құрайды.

Айта кетейік, Мубаров бұған дейін де – 2025 жылдың қазан айында осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove