Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы университетті аяқтап, диплом алды. Ол сәулетші мамандығы бойынша білім алған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әдемі бұған дейін ҰБТ кезінде өз орнына басқа адамның тест тапсырғаны туралы дауға байланысты көпшілік назарына түскен еді. Бұл оқиға қоғамда кең талқыланған.
Кейін аталған іс бойынша ЕҰУ-дің 2-курс студенті жауапқа тартылғаны хабарланған. Алайда істің кейінгі нәтижесі ашық жарияланбаған.
Енді Әдемі Тұрсынбекқызы шетелдегі оқуын сәтті аяқтағанын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Ал Тұрсынбек Қабатов қызының шетелде білім алуына кезінде Иманғали Тасмағамбетовтің кеңесі әсер еткенін айтқан.