Түркістандағы біріңғай байланыс орталығының қызметі толықтай цифрланған

Жарбол Кентұлы 18 қыр. 2024 09:41 2026

Түркістанда тәулік бойы «1310» Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Байланыс орталығы тұрғындардың өтінішін қабылдап, коммуналдық, әлеуметтік және туристік бағыттарды қамтып, қаладағы 6 сектордың жұмыс сапасын қадағалайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, мәселені шешу үшін жауапты мекемелерге жолданады. Мамандар қоңырау қабылдау барысында өтініш берушіге қатысты барлық ақпараттарды арнайы жүйеге енгізеді. Қазіргі таңда орталықта 10 оператор, 7 инспектор жұмыс істейді.

Байланыс операторлары күндізгі және түнгі ауысыммен қоңырауларды қабылдайды. Сондақ-ақ мамандар арнайы курстардан өтеді.

Осы ретет Түркістанда «1310» біріңғай байланыс орталығы толықтай цифрланғанын да айта кетуіміз керек. Мұнда келіп түскен өтініш-тілектірдің бәрі цифрлық технологиялардың көмегімен реттеліп, өңделеді.

Облыс орталығындағы 6 сектор бойынша өтініш-шағымдарды мамандар «1310»  қысқа байланыс нөмірі немесе әлеуметтік желідегі Instagram (@turkistan1310), WhatsApp (87073331310), Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, қаланың дамуы мен көркеюіне қатысты креативті ұсыныстар болса, аталған орталыққа жолдауға болады.

Айта кетейік бір жылда байланыс орталығы 15404 қоңырауды қабылдаған. Оның ішінде 15370 өтінім мерзімінде орындалып, қалған өтінімдер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар