Түркістан қаласында Нахипов көшесіндегі екі қабатты жекеменшік мектеп ғимаратының шатыры өртенді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға орнына құтқарушылар шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жұмылдырылды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі мен Апаттар медицинасы орталығының 35-ке жуық қызметкері және 9 техникасы қатысты.
Оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылып, мамандардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін су беру қамтамасыз етілді.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.