Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи маңызы бар архив құжаттарын табыстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұхара қаласында өткен бейресми кездесу барысында Өзбекстан тарапы қазақ делегациясына құнды архив материалдарын ұсынды.
Атап айтқанда, Қазақстанға Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенесіне қатысты 1920–1950 жылдары Өзбекстан аумағында жинақталған тарихи құжаттар, сирек сызбалар және фотосуреттер берілді.
Мәліметке сәйкес, аталған материалдардың басым бөлігі осы уақытқа дейін ғылыми зерттеу айналымына енгізілмеген. Мамандар олардың тарихи әрі мәдени құндылығы жоғары екенін атап өтуде.
