Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде толық автоматтандырылған қыш зауытының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Dalanews.kz
Түркістан облысында кәсіпорындар саны артып келеді. Өндірісті индустрияландыруда кәсіпорындарға жартылай және толық автоматтандырылған робототехникалар ендірілуде.
Жобаны «КАРЬЕР ТАБЫС» ЖШС іске асырып жатыр. Жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын жоба іске қосылғанда 60 жұмыс орнын ашылмақ.
Кәсіпорынға жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу жоспарланып отыр. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 85 000 текше метр саз топырақты өңдеп, күйген қыш өндіріуге жетеді. Өнідіріс орнында шетелдік заманауи технологиялар орнатылады.