Түркістан облысында Саратов – Алматы бағытында қатынаған №8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, пойыздың бір вагоны рельстен шығып кеткен. Апатқа ұшыраған вагонда 36 жолаушы болған, олардың 13-і – балалар. Оқиға салдарынан екі адам зардап шеккені белгілі болды. Жолаушылардың бірі вагон дәретханасында басын соғып алған. Сондай-ақ көрші вагонда болған бала ыстық суға күйіп қалған.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр
Қазіргі уақытта рельстен шығу себептері анықталып жатыр. Пойыз бастығы мен қызметкерлер жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жағдай бақылауда.