Freedom Inside '26

Түркістан облысында қыз алып қашпақ болғандар ұсталды

Түркістан облысында қыз алып қашпақ болғандар ұсталды
Фото: видеодан скрин

Түркістан облысында қыз алып қашпақ болған екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция қызметкерлері жол бойында келе жатқан Kia автокөлігінің ішінде отырған бойжеткеннің қолын бұлғап, көмек сұрап жатқанын байқап, көлікті тоқтатқан.

Көлік тоқтаған бойда қыз сыртқа жүгіріп шығып, полицейлерден өзін құтқаруды сұраған.

Осы оқиғаға байланысты мәжбүрлеп некеге тұрғызу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алайда кейін бойжеткен көліктегі жігітпен бұрын кездесіп жүргенін, кейін екеуінің арасында жанжал шыққанын айтқан. Сондай-ақ ол жігітке қатысты шағым түсіруден бас тартқан.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.