Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, қайтыс болды

Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, қайтыс болды
otyrar.kz

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала сыртқы әжетханаға құлап, қаза тапты. Қайғылы оқиға 22 шілдеде болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша 2024 жылы туған бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, аулада орналасқан тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға абайсызда құлап кеткен.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел жәрдем қызметі, полиция, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының қызметкерлері барған.

Құтқарушылар баланы сыртқа шығарғанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.