Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округінде Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар КХ-20 автожолындағы көпір құлады, деп хабарлайды Dalanews.kz
Алдын ала мәліметке сәйкес, көпірдің ұзақ жыл бойы пайдаланылғандықтын және тірек бағаналарының түбінің шайылуы салдарынан қауіп туындаған.
Аталған жағдайға байланысты алдын ала қауіп белгілері анықталып, дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесінде көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылған болатын. Соның арқасында адам шығыны мен материалдық залалға жол берілген жоқ, – делінген аудан әкімдігі ұсынған ақпаратта.
