Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

Сағыныш Сардарова 09 сәу. 2025 16:55 665

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Былтыр Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, балаларын көрсетпей жүргені үшін мойнына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқан.  

"Ер адам бұған дейін сотты болған, лудоманиямен ауырғанына байланысты ажырасқан. Күдікті жәбірленушінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамай, оны пышақпен қорқытып аулада тұрған автокөлікті өзіне басқартып, ол жерден бой тасалаған", - деп жазылған хабарламада.

Сол күні арнайы іс-шара жүргізу барысында күдікті Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.  

Сот алдыңғы үкім бойынша өтелмеген 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын ішінара қосып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.  

Сот үкімі заңды күшіне енген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар