Синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік циклон ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болжанып отыр.
3 қазан күні республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейе түседі.
Батыс аймақтарда ауа температурасының біртіндеп көтеріле бастайды: түнде 2–13 градусқа дейін, күндіз 20–25 градусқа дейін жылы болады.
Республиканың солтүстік-батысында түнде 1–9 аяз, күндіз 5–20-дан 10–23 жылыға дейін көтерілуі күтіледі. Солтүстік аймақтарда түнде 7 градустан 3 градусқа дейін төмендеп, күндіз негізінен 3–13 градус жылы болады.
Орталықта түнде 8 градустан 2 градусқа дейін төмендеп, күндіз 5–18 градус жылы болады.
Оңтүстік аймақтарда ауа температурасының біртіндеп көтеріле бастайды: түнде 2–10 градус жылы, күндіз 15–25 градус жылы болады. Қалған аумақтарда температуралық фонға елеулі өзгерістер күтілмейді.