Тойға шақырту алсаңыз, бармас бұрын он ойланыңыз

Dalanews 27 шіл. 2021 02:55 853





Жаға ұстатар әңгіме естідім. Коронавирус жұқтырған бір адам 300 адамға той беріпті.

 Ауырып жүргенін біледі. ПТР тапсырған. Ковид жұқтырғаны расталған. Бірер күн ауруханаға жатып шыққан.

 Шақырған қонақтарымен құшақтап амандасып, секіріп билеп, ертесіне ауруханаға қайта түскен. Бұлай істеу үшін адам қаншалықты арсыз болуы тиіс?!

 Енді сол тойға қатысқан адамдар ауруханаға түсіп жатыр. Бірер күн бұрын болған оқиға.

 
Тойға шақырту алсаңыз, бармас бұрын он ойланыңыз. Қарт ата-анаңызды, үйдегі шиіттей бала-шағаны, аяғы ауыр әйеліңізді ойлаңыз.


 Тойда ауырып жүрген адамдар міндетті түрде болады. Дельта штамм кең тарап кетті. Ойланыңыз…




Шыңғыс МҰҚАН, 


автордың әлеуметтік желідегі парақшасынан 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар